Басты бетСаясатҚоғам

2020 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Тараз қаласы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесі және 9 әкімдік бөлімдерімен 2020 жылдың І тоқсанында мемлекеттік тізілімге сай мемлекеттік қызметтердің 87 түрі бойынша көрсетілді.

 (АХАТ бөлімшесі – (10), білім – (26), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар – 13,  (Халықты жұмыспен қамту орталығында – 3)-(жалпы – 16), тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары – (5), тұрғын үй қатынастары – (5), ветеринария – 1 (ветеринарлық қызмет – 2)-(жалпы – 3), сәулет, және қала құрылысы – (4), жер қатынастары – (13), дене шынықтыру және спорт – (1), ауыл шаруашылығы бөлімдері – (4).

Тараз қаласында 2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 35 841 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

оның ішінде:

– қағаз түрінде –  7742,  21,2%-ды құрайды, оның 7563-і жеке тұлғаларға, 179-ы заңды тұлғаларға;

– мемлекеттік корпорация арқылы – 14 523,  40,5%-ды құрайды;

– электронды түрде – 13 576,  37,5%-ды құрайды, оның 13 494-і жеке тұлғаларға, 82-і заңды тұлғаларға.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді түрде бас тартулар саны – 1911, оның ішінде:

– жеке тұлғаларға – 1899, оның 352-сі электрондық веб-портал арқылы,  1547-і қағаз түрінде;

– заңды тұлғаларға – 12, оның 7-і электрондық веб-портал арқылы, 5-і қағаз түрінде.

Өткізілген іс-шаралар саны – 28, жүргізілген түсіндірме жұмыстарымен қамтылған халықтың саны – 550 000.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің статистикалық есебін әр айдың 5-іне жинақтап, Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөліміне және тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне ұсынылып, тоқсан сайын Тараз қаласы әкімінің taraz.zhambyl.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша толық ақпарат Тараз қаласы әкімінің taraz.zhambyl.gov.kz ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» парақшасында орналастырылған. Сайтқа орналастырылған нормативтік-құқықтық актілерге тұрақты талдау жасалып, толықтырулар мен өзгерістер енгізілген жағдайда жаңартылып тұрады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы және Тараз қаласы әкімімен «Тараз қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын  қамтамасыз етудің 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланып, қала әкімінің taraz.zhambyl.gov.kz ресми сайтына,  «Facebook», «Вконтакте» әлеуметтік желілеріне видеороликтер мен ақпараттар орналастырылып, семинар-кеңестер ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты ұйымдарымен (мектептер мен бөбекжай-бақшалар) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарына сай «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу мүмкіндіктері болғандықтан, мектептер мен бөбекжай-бақшаларда «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы қызметті көрсету үлесін арттыру бойынша білім бөлімімен 2020 жылғы 20 қаңтарында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұрғындар арасында насихаттау және мемлекеттік қызметті электронды форматта алуды кеңінен насихаттау бойынша 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары» әзірленіп,  бөлімге бағынысты ұйымдарына тұрақты көрсетілетін қызмет туралы мақалалар жариялау жүктелді.

Тараз қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңесімен 2020 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізу көзделген. Аталған жоспарға сай І тоқсанда «Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту» мәселесі қаралып, ұсыныстар берілді.

Тараз қаласы әкімдігі бөлімдерінде «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған.

Қаңтар айында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен 2020 жылы БАҚ-та және әкімдіктің әлеуметтік желілеріне жарияланатын ақпараттар туралы кесте жасалынып, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мәселелер бойынша ақпаратты әзірлеп, жолдау Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесіне жүктеліп, ай сайын кестеге сай ақпараттар жарияланып келеді.

Қала әкімінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №81-ө өкімімен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес бүгінгі күнге Тараз қаласы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімшесінде және Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бақылау іс-шаралары жүргізілді.

      Дәурен АБДУҚАСЫМОВ, Тараз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close