Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Таразда тағы 4 адам коронавирус жұқтырған

Жамбыл облысы Тараз қаласында коронавирустық инфекцияның төрт жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық төрт жағдай бұған дейін ауырған науқастармен жақын қарым-қатынаста болған адамдардың арасында анықталған. Карантиндік стационарға түскен кезде бұл тұлғалардан ПТР-ға зерттеу материалдар алынып, оң нәтиже берген.

Науқастар инфекциялық стационарға орналастырылды. Байланыста болған адамдарды және жұқтыру қаупі бойынша мәртебені анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шаралары атқарылды.

Жалпы өңірде барлығы 65 жағдай тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 15, Байзақ ауданында – 3, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында – 33, Меркі ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1, Шу ауданында – 1. Сондай-ақ, Дели-Тараз рейсінің жолаушылары арасында алты оқиға орын алған.

21 сәуірдегі жағдай бойынша 11 науқас емделіп, дәрігерлердің бақылауымен үй карантиніне шығарылған.

Бүгінде инфекциялық стационарда 50 науқас ем алуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close