Басты бетЖаңалықтар

Таразда карантинге жабылған подъезд ашылды

Тараз қаласында 14 күнге жабылған «Қарасу» шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі үшін карантиндік режим аяқталды.

7 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 86 жастағы әйел тіркеліп, карантинге жабылған бұл подъездің тұрғындары 14 күнге оқшауланып, оларға үйінен шығуға тыйым салынып, кіреберісте полиция қызметкерлері кезекшілік еткен еді. Осы аралықта қала әкімдігі пәтер тұрғындарын азық-түлікпен, ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

Ал 21 сәуірде түнгі сағат 00.00-де тұрғын үйде карантиндік режим аяқталды. Тұрғындар осы аралықта тексеріс пен медицина мамандарының бақылауында болды. Қатаң бақылау мен кәсіби қызметтің арқасында қалған тұрғындар дерттен аман.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close