Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Таразда 100 отбасы карантин біткенше ыстық тамақпен қамтылады

Таразда 100 отбасы карантин біткенше ыстық тамақпен қамтылады. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі Тараз қаласы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен іске асып, «Самұрық-Қазына Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Нұржан Әбдімомынов пен «NOMAD MMA» федерациясының президенті Гаджи Гаджиевтің демеушілігімен қолға алынған игілікті іс бүгіннен басталды. Ыстық тамақ «Chinara» мейрамханасында дайындалып, ас мәзірін «Дәмді тағамдар» ЖШС-ның төрағасы Ғани Каримов 3 аспазшымен бірге дайындағанын және жұмысшылар ақысыз еңбек етіп жатқанын ерекше атап өткен жөн. Ал оны үй-үйге жеткізу үшін тараздық еріктілер тартылды.

Бұл туралы қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова: «Жалпы бір реттік ыстық тамақпен қамтылатын адамдардың санатына мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнетақысы төмен зейнеткерлер және жағдайы төмен жалғызілікті қарттар кіріп отыр. 100 адамды біз арнайы іріктеп алдық. Карантин уақыты біткенше осы тұрғындар түс мезгілінде бірінші және екінші ас мәзірлік тамақпен қамтылады. Сондай-ақ, сусындар мен өзге де қажетті заттар жеткізіледі. Мүмкіндігі шектеулі және жалғызбасты жандарға үйме-үй тамақтарын жеткізіп беру үшін 10 тараздық ерікті жас ниет білдірді. Осылайша біз қиын кезеңде мұқтаж жандарды назардан тыс қалдырмай, демеушілер есебінен қайырымдылық көрсетудеміз», – деді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close