Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам
COVID-19: Жамбыл облысында 7 адам жазылды

22 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекциядан тағы жеті адам емделіп шықты. Бұл туралы «Ақпарақ» агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
⠀
1992 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 19 наурыз күні Тараз қаласына келіп, 5 сәуірде кеуде тұсының ауыруына, мұрынның бітелуіне және көздің қызаруына қатысты шағыммен карантиндік стационарға жатқызылған. Одан COVID-19-ға алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен.
⠀
Қалған алты ем алушының барлығы 19 бен 62 жас аралығындағы тұрғындар. Үшеуі – ер, үшеуі әйел адам. Олар коронавирустық инфекцияны Қордай ауданында жерлеу рәсімі кезінде жұқтырған. Барлығы осы ауданның тұрғындары болып табылады. Бір науқас әйелден жұқтырып, 6 сәуірде ауруханаға жатқызылған.
⠀
Дерттен айыққан жеті тұрғын да екі апта бойы инфекциялық стационарда болып, емдеу шараларын ойдағыдай өткізген. Алгоритмге сәйкес, олардан КВИ-ға алынған екі ретік зертханалық талдаулар теріс нәтиже көрсеткен.
⠀
Алдағы екі апта бойы олар үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады.
⠀
Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 41 науқас ем алуда. Жағдайлары тұрақты.
Жалпы аймақта коронавирустан 31 адам емделді.