Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

COVID-19: Жамбыл облысында 76-ға жетті

Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 30 адам тіркеліп, барлығы 2025-ке жетті деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. Оның ішінде Жамбыл облысында 6 адам тіркеліп, 76-ға жетті.

22 сәуір күні коронавирустық инфекцияның алты жаңа жағдайы анықталды. COVID-2019 диагнозы Тараз қаласының 1979, 1976, 1984, 1982, 1983 және 1989 жылдары туған тұрғындарынан расталды. Анықталғандай, олардың барлығы бұған дейін коронавируспен ауырған науқастармен жұмыс орны бойынша байланыста болған. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Байланыста болған барлық тұлғалар карантиндік стационарға оқшауланып, ПТР-зерттеу үшін сынамаларын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, 22 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 76 жағдайы тіркелген, оның ішінде Таразда – 24 жағдай, Байзақ ауданында – 3, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында – 33, Меркі – 2, Мойынқұм және Шу ауданында – біреуден. Сондай-ақ, Дели-Тараз рейсінің жолаушылары арасынан алты оқиға анықталса, екі дерек Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасында орын алған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close