Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Таразда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

Жуырда Тараздағы «Нұрсұлтан Назарбаев» алаңында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстарына жауапты ​ мекемелер жиналып, өздеріне бекітілген бағыттар бойынша қаладағы 11 аумақтық округтерде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Халықтың денсаулық орталығы» ЖШС, «Радиологиялық бақылау орталығы» ЖШС, «Ұлттық сараптама орталығы», «Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы» РМК, «Тараз-дезинфекция» ЖШС сынды залалсыздандыру жұмыстарына жауапты мекемелер өз жұмысын асқан жауапкершілікпен, тиянақты әрі кәсіби жүргізгенін атап өткен жөн. Олар өздеріне бекітілген бағыттар бойынша қаладағы 11 аумақтық округтерде, атап айтсақ қаладағы көшелердің бойындағы нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер, аулалар, саябақтар, аялдамалар, жаяу жүргіншілер жолы сынды жерлерге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.
Залалсыздандыру жұмыстарына жауапты 40-тан аса қызметкерлер, 200-ге жуық әскерилер, 20-ға жуық​ техника жұмылдырылып, 22 тонна дезинфекция сұйықтығы жұмсалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close