Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Таразда карантинге жабылған тағы бір подъезд ашылды

Таразда карантинге жабылған тағы бір подъезд ашылды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың ​ 10 сәуір күні Тараз қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен ​ «Аса» мөлтекауданындағы №31 үйдің 1-ші кіреберісіне (1-10 пәтерлері) ерекше шаруашылық және өзге де қызметпен халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайлары бар 14 күндік шектеу тәртібі енгізілген болатын. Осы жерде тұратын 31 тұрғын үй жағдайында оқшауланып, медициналық қызметкерлердің жіті бақылауында болды.
​ ​ ​ ​ ​ Тараз қалалық полиция басқармасы қызметкерлері тарапынан тұрғындардың кіріп шығуына тиым салынып, бақылау күшейтілді.
​ ​ ​ ​ ​ Карантинге жабылған уақыттан бастап тұрғын үйдің кіреберісіне, тұрғын үй маңындағы аулаларға, балалар ойын алаңшаларына күніне 2 рет дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
​ ​ ​ ​ ​ Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімдігінің жанынан құрылған жедел штабтың ұйымдастыруымен еріктілердің атсалысуымен карантинге жабылған тұрғындар азық-түліктермен ​ қамтамасыз етілді.
​ ​ ​ ​ ​ 24 сәуір күні түнгі сағат 00.00-де ​ жоғарыда аталған мекен-жайдағы көпқабатты тұрғын үйдің​ 1-ші кіреберісіне енгізілген барлық шектеулер алынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close