Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Таразда карантинге жабылған үйлердің тұрғындарына азық-түлік жеткізілді

Тараз қаласы әкімдігінің жанынан құрылған жедел штабтың ұйымдастыруымен карантинге жабылған тұрғын үйлердегі 7 кіреберістің (подъезд) тұрғындарына азық-түлік жеткізілді, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Еріктілердің атсалысуымен жүзеге асып жатқан игі шарамен қамтылған тұрғындарға келер болсақ, олар «Ақбұлақ» (1) ықшам ауданы, 16 үйдің 37 тұрғыны, «Алатау» (8) ықшам ауданы, №35 үйдің 23 тұрғыны, «Аса» (10) ықшам ауданы, 28 үйдің 24 тұрғыны, Абай даңғылы, №162 үйдің 2 тұрғыны, Гамалея көшесі, №9 үйдің 25 тұрғыны, «Қант зауыты» алқабы, Театральная көшесі, №5 үйдің 24 тұрғыны, Қапал көшесінің 4 бұрылысы, №2/1 үйдің 34 тұрғыны. Ал азық-түлік себетіне нан, шай, шекер, макарон өнімдері, күріш, картоп, сәбіз, пияз, жұмыртқа, сұйықмай, ас тұзы кіреді. Жоғарыда аталған мекенжайларда тұратын тұрғындарға осындай азық-түлік жиынтығы жеткізілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close