Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Таразда 86 жастағы әже коронавирустан жазылып шықты

Жамбыл облысында коронавирустан барлығы 42 адам емделіп шықты. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

24 сәуір күнгі мәлімет бойынша, екі адам емделіп шықты. Олардың бірі 1985 жылы туған. Ол коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғаны үшін ауруханаға жатқызылған болатын.

Сонымен қатар, жуырда қызы Нұр-Сұлтан қаласынан келген Тараз қаласының 1934 жылы туған тұрғыны да дертті жеңіп шықты. Қарт әйел шұғыл емдеу үшін қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Одан КВИ-ға алынған қан талдауы оң нәтиже көрсеткен. Отадан кейін әйел облыстық көп бейінді аурухананың жұқпалы аурулар блогына ауыстырылған. Емдеу шараларының нәтижесінде ол дерттен айықты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close