Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараз қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау жүргізуде

Тараз қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті бақылау жүргізуде. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылғы 3 сәуірдегі министрліктердің (ҚР-ның сауда және интергация министрлігі, ҚР-ның ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР-ның Ұлттық экономика министрлігі) «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» Бірлескен бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар 9 азық-түлік тауарларының шекті бағалары белгіленген.
Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында жұмыс тобын құру туралы» №47-ө өкімімен шекті бағаларға бақылау жүргізетін жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы қала аумағындағы 29 орта және шағын дүкендерге мемлекеттік бақылау жүргізіп, әлеуметтік маңызы бар тауар бағаларының жоғары болуына байланысты 26 дүкеннің басшысына анықталған бұзушылықты жою туралы нұсқама табыстады.
3 супермаркет басшысы ӘҚБтК-нің 202-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 277 800 теңге көлемінде айыппұл (барлығы 833 400 теңге) салынды.
Қала әкімдігі күнделікті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізуде. Тауар бағаларының өсімі анықталған жағдайда бөлшек сауда объектілерінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Анықтама ретінде:
Бірлескен бұйрық бойынша белгіленген бағалар
1) бірінші сортты бидай ұны – 149 тг;
2) бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны, кг. – 138 тг;
3) рожки (өлшенген), кг. – 206 тг;
4) қарақұмық жармасы, кг. – 260 тг;
5) тазартылған күріш, кг. – 258 тг;
6) сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), кг. – 1774 тг;
7) тауық жұмыртқасы (І санатты), он дана – 271 тг;
8) күнбағыс майы, кг. – 418 тг;
9) ас тұзы («Экстра»-дан басқа), кг. – 52 тг.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close