Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда азық-түлік бағалары бақылауда

 Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мәселесі өте өзекті болып отыр. Сол себепті де, Тараз қалалық әкімдігі шаһардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрған болатын. Қаладағы ірі және шағын сауда нүктелеріндегі баға тұрақтылығын үнемі қадағалап, назарда ұстау мақсатында құрылған жұмысшы топ бүгін рейдке шықты, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Тараз қаласының аумағында орналасқан 11 орта және шағын супермаркеттерді аралап, олардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек бағаларының орындалуына қадағалау жүргізген жұмысшы топ қала аумағындағы «Корвет», «Умка», «AsMol», «Рауан», «Dostyk Market», «Orda», «Жұлдыз», «Okey», «Деменур», «Сабина» және «LUX» сияқты сауда нүктелеріне барды.

Нәтижесінде, жұмысшы тобы аралап шыққан барлық дүкендерде тазартылған күріш, қарақұмық, тауық жұмыртқасы және күнбағыс майының бағаларының шекті бағадан асқан деректері анықталған.   Тараз қаласы әкімдігінің мәліметінше, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, министрліктердің бірлескен бұйрығымен белгіленген шекті бағалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында дүкен иелерінің келісімімен сол мезетте аталған тауар түрлерінің бағалары нормативтік-құқықтық актіге сәйкестендірілген.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close