Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Таразда биыл бірқатар нысандар бой көтереді

Тараз қаласы жылдан жылға түрленіп, сәулеті артып келе жатқаны жергілікті жұртқа мәлім. Оған облыс орталығында соңғы кездері бой көтерген нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер дәлел. Әсіресе, талай жылдан бері пәтер кезегінде тұрған көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың жыл сайын баспаналы болып жатқанын айтпай кетуге болмас.

Тараз қалалық әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылға межеленген жоспар да ауқымды. Мәселен, биыл 2 жаңа мектеп, 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, 54 көппәтерлі тұрғын үй, 88 шақырым жол мен тротуарлар жөнделетін болады. Балалар және футбол алаңдары бар 165 аула ретке келтіріледі. Сонымен қатар, онкологиялық ауруханаға, қала аумағына қарайтын «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарына газ және су құбырларын тарту жұмыстары жалғасын табады. Нәтижесінде тараздықтар үшін кемінде алты мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

  Сондай-ақ, 168 нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстарына қажетті 45,9 миллиард теңге бөлінген. Тиісті жұмыстар алдағы уақыттарда жалғасын табатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close