Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

COVID-19: Жамбыл облысында бір адам тіркелді

26 сәуір күні Жамбыл облысы бойынша коронавирустың жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1987 жылы туған науқас Жамбыл ауданының тұрғыны болып табылады. Атырау облысы Теңіз кентінде вахталық негізде жұмыс істейді.

Белгіленген алгоритмге сәйкес ол аймаққа келгеннен кейін карантиндік стационарға оқшауланған. Зертханалық талдау нәтижелері бойынша COVID-2019 диагнозы қойылды.

26 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 104 жағдайы тіркелді, оның ішінде Тараз қаласында – 49 жағдай, Байзақ ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында – 34, Меркі ауданында – 2, Мойынқұм және Шу ауданында – біреуден. Сондай – ақ, Дели – Тараз рейсінен алты оқиға, Теңізде вахталық кентінен келген жұмысшылар арасында үш оқиға анықталған.

Барлық індетті жұқтырғандардың 42-сі емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close