Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 105-ші адам тіркелді

27 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 105-ші адам тіркелді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Науқас 1972 жылы туған. Ол Тараз қаласының тұрғыны. Бір күн бұрын дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тамақ ауруына байланысты шағымдарымен медицина көмегіне жүгінген болатын. Зертханалық зерттеу қорытындысы бойынша COVID-2019 диагнозы расталды.

Эпидемиологиялық тексеру барысында байланыста болған үш адам анықталды. Науқас инфекциялық стационарға жеткізілді. Ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шаралары жүргізілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close