Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

28 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында күндіз басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты нөсер жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

28 сәуірде Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетед, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.

Сол күні күндіз Тараз қаласында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, тіпті 23 м/с жетеді. Кей уақытта найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы ықтимал.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close