Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда азық-түлік бағасы үнемі бақылауда

Азық-түлік бағасының тұрақтылығы қай кезде де маңызды болғаны белгілі. Бүгінгідей қысылтаяң шақта бұл мәселе, тіпті, ерекше көңіл бөлуді қажет етіп отырғаны жасырын емес. Осыны жете түсініп, әлеуеттің сұранысын қанағаттандыруды, қажеттілігімен қамтамасыз етуді мақсат тұтқан жергілікті билік те біраз шараларды атқарып жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, дүкендердегі азық-түлік бағасының тұрақтылығына ерекше назар аударып отырған Тараз қаласының әкімдігі тұрғындар арасында түйткілдерді болдырмау үшін бұл мәселені өз бақылауында ұстап келеді.

Жергілікті билік тарапынан осы уақытқа дейін шаһардағы шағын және орта сауда орындарындағы баға тұрақтылығы үнемі қадағалануда. Бүгін де Тараз қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы тобы қала аумағында орналасқан 6 дүкенді аралады. Олардың ішінде «Юбилейный», «Әуес», «Халил», «Таңшолпан» және «Дәулет» орта және шағын супермаркеттері бар. Аталған дүкендердегі тауарларды да халық көп тұтынатын болғандықтан, мұндағы баға мәселесі де өзекті. Осы орайда, қаладағы бірқатар сауда нүктелерінің де бағаны заңсыз көтергені анықталып, нәтижесінде бәрі қалпына келтірілген.

Тараз қалалық әкімдігінің мәліметінше, аталған 6 дүкендегі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағалары бірлескен бұйрық арқылы белгіленген шекті бағалармен сәйкестендірілген. Сонымен қатар, «Нұрислам» супермаркетінде де қарақұмықтың бағасы 440 теңге болып кеткен. Алайда, бұл баға қала әкімдігі тарапынан 260 теңгеге өзгертілген. Қазіргі кезде қалада қарақұмықтың бағасы 260 теңгеден сатылуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close