Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Таразда ауыр жағдайда болған науқас коронавирустан жазылып шықты

26 сәуір күні тағы бір науқас – Тараз қаласының 45 жастағы тұрғыны ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 сәуірде ол дене қызуы және құрғақ жөтелге қатысты шағыммен ауруханаға жатқызылып, қабылдау кезінде алынған ПТР зерттеуі материалдары оң нәтиже көрсеткен болатын. Азаматша бірден инфекциялық стационарға жатқызылған. Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланғандықтан, ол бірнеше күн бойы реанимацияда болды.

Алайда, медицина қызметкерлерінің үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында бүгінгі күні ол толығымен сауығып шықты. Емдеу барысында дәрігерлер бірнеше рет Нұр-Сұлтан қаласының КВИ науқастарына арналған ситуациялық орталығындағы әріптестерімен кеңесіп отырды.

Нәтижесінде олардың жұмсалған күш-жігері өз нәтижесін берді. Науқас дерттен айықты. Қазір ол дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне алынған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close