Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Шымкентте жүктілігіне 28 апта болған әйелдің ішінен бір уыс құрт шықты

Мамандардың айтуынша, шаранамен бірге пайда болған іштегі құрт бауырдың жанына біткен. Оның жарылып кету қаупі жоғары болған.

Шымкентте дәрігерлер жүкті әйел мен ішіндегі шаранасын сақтап қалу үшін күрделі ота жасады. Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында өткен ота кезінде мамандар тәуекелге барғандарын жасырмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, күрделі ота клиникалық аурухананың хирургі Сәбит Байтеміровтің жетекшілігімен жасалған. Хирургтер 28 апталық жүктіліктегі әйелдің ішінен бір уыс құртты алып тастады. Күрделі ота үш сағаттан астам уақытқа созылған. 

Мамандардың айтуынша, шаранамен бірге пайда болған іштегі құрт бауырдың жанына біткен. Оның жарылып кету қаупі жоғары болған. Бірақ, сәтті жасалған операцияның арқасында қауіптің алды алынып, ана мен бала аман қалды.

Айта кетейік, ішінде эхинококк кистасы бар жүкті келіншекке Алматы қаласындағы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта күрделі ота жасау қажет болған. Алайда, елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты, жас ана Шымкентте қалып қойды. Дәрігерлер қазір пациенттің жағдайы қанағаттанарлық және жүктілігі асқынусыз өтуде деп отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close