Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

COVID-19: Жамбыл облысында 3 адам тіркелді

28 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелді, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар 1969, 1975, 1979 жылдары туған, Тараз қаласының тұрғындары. Атырау облысы Теңіз кентінде вахталық негізде жұмыс істеген.

Белгіленген алгоритмге сәйкес олар Жамбыл облысына келгеннен кейін карантиндік стационарға орналастырылған. Алынған зертханалық талдаулар вирусты жұқтырғанын анықтады.

Бүгінде науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылып, қажетті ем шараларын қабылдауда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close