Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында тағы 3 адам коронавирус жұқтырған

29 сәуірдегі мәлімет бойынша Жамбыл облысында тағы үш адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Науқастар бұған дейін аталған дертті жұқтырғандармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға оқшауланған болатын.

Науқастардың екеуі 1963 және 2012 жылы туған Тараз қаласының, біреуі 2007 жылы туған Байзақ ауданының тұрғыны. Олар бекітілген алгоритмге сәйкес қажетті емдеу шаралары жүргізілетін инфекциялық стационарға ауыстырылды.

Жалпы, 29 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 116 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 55, Байзақ ауданында – 5, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында – 35, Меркі ауданында – 3, Мойынқұм және Шу аудандарында – біреуден. Сондай – ақ, Дели – Тараз рейсі жолаушылары арасынан алты, Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлер ішінен алты оқиға анықталған.

Барлық инфекция жұқтырғандардың 43-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close