Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында тағы 13 адам коронавирус жұқтырған

Жамбыл облысында тағы 13 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде 2 адам Тараз қаласынан анықталып отыр. Олар науқастармен қарым-қатынаста болған 1981 жылы туған ер адам және 1986 жылғы әйел адам. Сондай-ақ, Жамбыл және Байзақ аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелді. Олар да ауырған адаммен жақын байланыста болған, бірі 39 жастағы ер адам, екіншісі 5 жастағы бала. Бұдан бөлек Атырау облысы Теңіз вахталық кентінен келген 9 адамнан вирус анықталып отыр. Барлық науқастар инфекциялық стационарға жатқызылып, қажетті ем-шараларын қабылдауда. Бүгінде осы азаматтармен байланыста болған адамдарды анықтау бойынша жұмыстар басталып кетті. Барлық ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылды.

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша тіркелген науқастар саны 132-ге жетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close