Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

COVID-19: Жамбыл облысында 46 адам жазылды

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 119 адам тіркелді. Өңірдегі медицина саласының мамандары қауіпті індетпен мейлінше күресуде. Осы уақытқа дейін облыста біраз азаматтар ауруынан айығып, аман-есен отбасыларына оралуда. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, соңғы уақыттарда өңірде 45, 50 және 75 жастағы үш әйел азаматы емделіп шыққан.

  Үш тұрғын да коронавирус індетін жұқтырған науқастарға арналған стационарға 14 сәуір күні әртүрлі жағдайлармен түскен. 75 жастағы Қордай ауданының тұрғыны қауіпті инфекцияны туысының жаназасында  жұқтырған болып шықты. Ал, 50 жастағы екінші емделуші науқаспен байланыста болған кезде инфекция жұқтырып алған. Сонымен қатар, 45 жастағы үшінші адам Ресей мемлекетінен келген науқас күйеуімен қарым-қатынаста болғандығы үшін ауруханаға жатқызылған болатын. Стационардан емделіп шыққан олар алдағы екі апта бойы дәрігерлердің бақылауындағы үй карантинінде болады. Бүгінде Жамбыл облысы бойынша коронавирус індетінен емделгендердің саны 46 адамға жетіп отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close