Басты бетҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысындағы күзгі-қысқы маусымнан өту барысы туралы

2019-2020  жылдарындағы күзгі-қысқы маусымынан өту барысында Жамбыл облысы энергетикалық ұйымдарында технологиялық бұзушылықтардың төмендеуі бақылануда. 2018-2019 жылдарындағы күзгі-қысқы маусымын өтуімен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтың саны 40 данадан 35 данаға төмендеді.

Қазақстан Республикасы біріккен электр энергетикалық жүйесінің жұмысында технологиялық бұзушылықтар ауыр салдар және өзгешелікке тәуелді, электр станциялары, аудандық қазандықтар, электорлық және жылу тораптары I дәрежелі істен шығу және II дәрежелі істен шығу, аварияларымен жүйеленеді.

Алайда, 2018-2019 жылдардың және 2019-2020 жылдардың жылу беру маусымдарында энергомекемелерде I дәрежелі істен шығу, ауыр зардабымен авариялар тіркелмегендікті айта кету керек.

  «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС–де II дәрежелі істен шығу саны ең көп айқындалды, дегенмен, 2018-2019 жылдары жылыту маусымында олардың саны 38 дана болса, 2019-2020 жылдары жылыту маусымында 34 дананы құрғаның атап өтуге болады, бірақ, электр энергиясының жеткіліксіз беруі 28,718 мың.кВт*сағаттан 53,665 мың.кВт*сағатқа дейін артты. II дәрежелі істен шығудың негізгі себебі бөгде тұлға және ұйымдарының әсері салдарынан кәбілдік және әуе желілірінің бұзылуы болып табылады, сонымен қатар ауа райының жағдайыда бар. 

«Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ–ның II дәрежелі істен шығу саны 2 данадан 1 данаға дейін азайды.

Жазатайым оқиға 2019-2020 жылдарда жылыту маусымында орын алған жоқ.

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-сі тұрақты негізінде энергетикалық объектілерінде жазатайым оқиғаларын болдырмау бойынша жұмыстарын жүргізуде, 2019-2020 жылдары аймақтағы энергия ұйымдарымен жылу кезеңінің өтуі және жөндеу науқаны бойынша бір қатар селекторлық кеңестер өткізілді. Энергия ұйымдарымен Қазақстан Республикасында болған жазатайым оқиғаларының жартыжылдық талдауы түбегейлі қарастырылады.

Е.Нармұратов, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент» басшысы. 

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close