Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сарысулық ардагер ана аудан әкімінің құттықтауын қабыл алды

Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек 88 жастағы еңбек ардагері Сәдікен Молдабекованы Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап қайтты. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңаталап ауылында тұратын ардагер әже аудан басшысының арнайы уақыт бөліп келгеніне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Ол кісі «Ұлы жеңістің 30 жылдығы», «Ұлы жеңістің 40 жылдығы», «Ұлы жеңістің 50 жылдығы», «Ұлы жеңістің 60 жылдығы», «Ұлы жеңістің 70 жылдығы» медалдарымен марапатталып, Ұлы отан соғысы ардагерлеріне теңістірілген. 7 бала тәрбиелеп, «Алтын алқа» медалінің иегері атанған. Ал бүгінде 15 немере, 20 шөбере сүйіп отырған ардақты әже. Болашақта тек жақсылық болып, ешқандай соғыс, тосыннан келген індет болмасын деп бата берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close