Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сарысулық ана алғысын білдірді

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Бұл күн – әрбір қазақстанда тұратын азаматтар үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

1-мамыр – ел ішiндегі түрлi ұлт пен ұлыс өкiлдерiнiң бiр-бiріне деген сый-құрметiн арттырып, татулықты, бiрлiкті, ортақ құндылықтарды насихаттайтын күн. Жыл сайын азаматтар Oтанымыздың әр аймағында береке мен бiрлiкте, бейбiтшілік пен ынтымақтастықта өмір сүрiп жатқандығын атап өтеді. Алайда, биылғы мереке елде енгізілген төтенше жағдаймен тұспа-тұс келді. Өкінішке қарай, алдын-ала жоспарланған бірқатар іс-шараны өткізу тоқтатылды. Десек те, бұл мереке атаусыз қалмай, барлық аймақта шараларды онлайн форматта өткізуді қолға алды.

Күні кеше Сарысу ауданында барлық басшылар, аудан және қала әкімдері мен орынбасарлары аудан көлеміндегі түрлі этнос өкілдерін құттықтап, қариялар мен аз қамтылған бірқатар отбасыларға, сақтық пен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, сый-сияпат жасап, бірқатар ізгі амалдар көрініс тапты. Осы күні аудан әкімі Қанатбек Мәдібек Жаңатас қаласының тұрғыны, ұзақ жылдар денсаулық саласында еңбек еткен Ребрикова Валентина Иванқызының үйіне барып, айтулы мерекемен құттықтады. Ауданымызда осындай тілі өзге болса да тілегі бір өзге ұлт өкілдері жетерлік.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close