Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында тағы 3 адам коронавирус жұқтырған

2 мамырдағы мәлімет бойынша Жамбыл облысында коронавирус ауруының үш жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде екі науқас Тараздан анықталды. Біреуі 1992 жылы туған жігіт, екіншісі 1962 жылы туған әйел. Олар бұған дейін ауырған науқастармен байланыста болған.

Сондай-ақ, бұл диагноз Шу ауданының 23 жастағы тұрғынынан да расталды. Ол алысқа қатынайтын жүргізуші болып жұмыс істейді. Алгоритмге сәйкес мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде «Қарасу» өткізу пунктінде одан аурудың бар-жоғын растайтын зертханалық талдау алынып, диагноз расталған. Бүгінде науқастар инфекциялық стационарға ауыстырылды, байланыста болған адамдарды анықтау, олардан зертханалық талдау алу жұмыстары жүргізілуде. Ошақтарда дезинфекциялық өңдеу шаралары атқарылды.

Жалпы, ағымдағы жылдың 3 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 146 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 69, Байзақ ауданында – 7, Жамбыл ауданында – 5, Қордай ауданында – 37, Меркі ауданында – 3, Шу қаласында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.

Сондай – ақ, Дели – Тараз рейсінен алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталды.

Барлық аталған індетті жұқтырғандардың 48-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close