Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында коронавируспен ауырғандар саны 149-ға жетті

3 сәуір күні Жамбыл облысында жаңа COVID-2019 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқас Тараз қаласының 1985 жылы туған тұрғыны. Ол бұрын анықталған науқаспен байланыста болған тұлға ретінде тексерілген.

Жақын байланыста болған алты адам анықталып, провизорлық стационарға орналастырылды. Зертханалық тексеру үшін талдау алу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, ағымдағы жылдың 3 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 149 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 70, Байзақ ауданында – 9, Жамбыл ауданында – 5, Қордай ауданында – 37, Меркі ауданында – 3, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.

Сондай-ақ, Дели – Тараз рейсі жолаушылары ішінен 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталды.

Барлық ауырған адамдардың 48-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close