Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында коронавирустан бір адам қайтыс болды

Жамбыл облысында коронавирустан 1959 жылы туған ер адам қайтыс болды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Павлодар облысының тұрғыны, алысқа қатынайтын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. 20 наурыз бен 18 сәуір аралығында Ресей, Беларусь, Польша, Чехия және Қырғыз Республикаларында болған.

19 сәуірде дене қызуы жоғарылап, қалтырау, әлсіздік пен құрғақ жөтелге қатысты шағымдарымен ауруханаға жатқызылған. Диагностика барысында тыныс алу жеткіліксіздігі бар екі жақты полисегментарлы пневмонияның асқынуымен коронавирустық инфекция расталған. Емдеу шаралары мен науқасты бақылау тұрғысынан Нұр-Сұлтан қаласындағы КВИ бойынша ахуалдық орталықтың мамандары онлайн режимде кеңес беріп отырған.

23 сәуірден бастап науқастың жағдайы қосымша ауруларға байланысты нашарлай түскен. Қосымша аурулары: жүрек зақымдалуымен гипертониялық ауру, созылмалы бронхит және 2 дәрежелі семіздік.

Қарқынды емдеу шараларына қарамастан, көптеген мүшелер қызметінің жеткіліксіздігі белгілері жоғарылады.
4 мамыр, сағат 01.20-да реанимациялық іс-шаралар нәтижесіз болып, жүрек өз қызметін тоқтатты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close