Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда жұмыссыздықпен күрес – басты назарда

Таразда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бірқатар жұмыстарды атқару межеленген.

 Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жалпы құны 17 миллиард теңге болатын 94 жоба жоспарланған. 405 тұрақты және 5666 уақытша жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі уақытта барлық нысандарда жұмыстар басталды. Қалалық каналдар мен арықтарды тазартуға 178,6 млн.теңге, 43 аялдаманы жөндеуге 32,3 млн.теңге бөлінген. Сонымен қатар, 25 жаңа аялдама салынады.

Құрылысы ұзаққа созылған 35 нысаны бойынша 10 меншік иесімен меморандумдарға қол қойылып, жұмысты аяқтау кестелері әзірленген. Қазыбек би көшесінің бойында заңсыз орналастырылған бес дүңгіршек жойылған десек, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары да қолға алынған. Гранттар мен шағын несиелердің берілуі мен шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыссыздықты азайту сынды өзекті мәселелер күн тәртібінен түскен емес.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close