Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда құрылыс сапасын 11 мобильді топ бақылайды

Жуырда Тараз қаласының әкімдігінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру барысы және жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды ұйымдастыру мәселелері туралы кеңес өтті. Жауапты бақылау міндеті қаланың әр аудандарында құрылған 11 мобильді топқа жүктелген.

Ал олардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен басқа, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, полиция қызметкерлері және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері енді. Жиын барысында бұл топқа экологтарды да қосу ұсынылды. Сонымен қатар, санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстарын тексеру тапсырылды.

Жиында, сондай-ақ, саябақтар мен алаңдардың, жаңа ғимараттардың қасбеттерінің жай-күйіне назар аударып, сыртқы жарнаманы ретке келтіру керектігі айтылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Жорабек Баубеков жобаларды жүзеге асыруға халықтың қай санаттары қатысатындығы туралы қысқаша баяндады. Атап айтқанда, 2,8 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмысқа орналасатынын, жұмыс күшінің кем дегенде 50 пайызын жұмыспен қамту орталықтары арқылы тартып, жеткізушілердің кем дегенде 90 пайызы отандық компаниялар болуы керектігін жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close