Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараздың сәулеттік келбетін жаңғырту қолға алынуда

Таразда қаланың сәулеттік келбетін жаңғырту мақсатында қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан жобалар аз емес.

Мәселен, Б.Адамбаев көшесінің бойымен жалғасып, «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығының маңында орналасқан сквер алдағы уақытта әдемі әрі жайлы орынға айналады деп күтілуде. Мұнда субұрқақтар, беседкалар, қала тарихы жазылған қабырғалар, су дөңгелектері, үлкен құмыралар, шығыс стиліндегі кофеханалар мен сауда павильондары, автотұрақ пен балалар алаңдарын салу жоспарланған.

Іргеде орналасқан күрделі жөндеуден өткен көне «Әулие-Ата» мешіті өз орнында қалады. Нысан құрылысына жергілікті материалдар қолданылуда десек, оған тартылған 30 жұмысшы да өңір тұрғындарынан құралған. Нысанды белгіленген мерзімнен әлдеқайда ертерек, яғни 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарлануда.

Былғары зауыты маңында, «Дос-Нар» сауда орталығына қарама-қарсы орында «Қазақ халқына мың алғыс» монументі бой көтеруде.

Сондай-ақ, айта кету керек «Айя-Сервис» ЖШС Сүлейменов көшесінің бойындағы 3,4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолын жөндеуде. Алдағы уақытта көшенің өзі де жөндеуден өтпек. Жақын маңдағы су жүрмейтін арықтар да өзге жоба аясында ретке келтірілетін болады.

Памирская көшесінің орташа жөндеу жұмыстары туралы да айтып өтуге болады. Ол шаһардың осы аймағында ретке келтірілетін 18 жобаның бірі саналады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close