Басты бетСаясатҚоғам

Біз Президентімізді қолдаймыз

Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгін «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Өте қажетті, ұзақ күткен заң. Ол жерде ардагерлерге ауқымды көмек беретіні ашып жазылған. Олардың беделін жоғары көтеру көрсетілген.

Әрине, ол кісілердің елге, халыққа сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Сол себепті де, ардагерлер қандай құрметке болсын лайық деп ойлаймын. Президентіміз таққа отырған күннен бастап ең бірінші байлығымыз – адами капиталдың жағдайы жақсы болу керек деп айтқан еді.

Ардагерлер біздің коғамымыздың қаймағы деп айтуға да болады. Олардың жас ұрпаққа беретін тәрбиесі өте зор және маңызды. Біз қазақ болып қарияларды құрметтеп, сыйлап, олардан ақыл кеңес сұрап өнген елміз.

Касым-Жомарт Кемелұлы өзін саясатына басымды болғанына біз куә болып жатырмыз. Біз Президентіміздің саясатын толық қолдаймыз.

Ануарбек Аймен.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close