Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Сарысулық Отан қорғаушылар сый-құрметке бөленді

Бүгінгідей індеттің алдын алу шаралары қызу жүргізіліп тұрған тұста әрбіріміздің ортақ борышымыз – халқымыздың басты құндылықтары бірлікті, тәуелсіздік пен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтау.
Осындай мақсатта сарысулықтар да бір кісідей жұмылып, сақтық шараларын ойдағыдай атқаруда.

Төтенше жағдай енгізілгелі ауданда (облыстық маңызы бар жолдарда) негізгі бақылау-өткізу бекеттері жұмыс істеп тұр.
Жалпы, сақтық шараларын сақтау мақсатында көрші облыс-аудандармен арада және елді мекендер арасында барлығы 11 бақылау бекеттері қойылған.
Қазіргі таңда олардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, пандемияға қарсы іс-шаралардың алдыңғы шебінде коронавирус індетімен күресіп жүр.
Барлық бақылау бекеттері полиция, медицина, әкімдік өкілдерінен бөлек, аумақтық қорғаныс взводынан құралған (20 адам) әскери міндеттілердің жеке құрамымен күшейтілген.
Одан бөлек, аудандық жедел штаб және қосымша 7 шұғыл әрекет ету топтары тәуіліктік режимде жұмыс істеуде.
Міне бүгін осындай алдыңғы шепте бейбіт заманға лайық ерлік танытып, алдына қойылған барлық міндетті абыроймен атқарып жатқан азаматтар құттықталды.
Оларды «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, Жайылма, Жаңарық, Жаңаталап ауылдық округтері құттықтап, арнайы сый-сияпат көрсетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close