Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Тараз қаласының әкімі Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Құрметті Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері!

Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күні мемлекеттік мерекесімен құттықтаймын.
Бұл күні біз Қарулы күштер ардагерлері мен сапта жүргендер сарбаздарымызға құрмет көрсетеміз. Себебі, мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар қандай марапатқа болса да лайықты.
Біз бүгін ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының отты жолдарынан өткен жауынгерлердің рухының алдында тағзым етіп, басымызды иеміз.
Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді. Тараз жұртшылығы бүгінгі күні еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілігін қорғауға лайықты үлесін қосуда. Бұл күн – Отанын қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды армияның атағын асқақтатқан нағыз ерлердің мерекесі.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен отбастарыңызға амандық тілеймін. Еліміздің тыныштығын күзетіп сапқа тұрған қырағы сарбаздарымыз бен сардарларымыздың жауапты қызметіне Тараз жұртшылығы атынан сәттілік тілейміз. Әсіресе, індеттің алдын алу мақсатында дезинфекция жұмыстарына жұмылдырылған әскерилерге алғыс ерекше. Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Тараз қаласының әкімі А.Қарабалаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close