Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Сарысу ауданының әкімі ардагерлерді құттықтады

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Сарысу ауданында да ардагерлерге барынша сый-құрмет көрсетілуде. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде Сарысу ауданында 3 соғыс ардагері тұрады. Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек үш ардагердің де үйіне арнайы барып, құттықтап қайтты.
Аудан басшысы алдымен Игілік ауылдық округіндегі Мысалы Маханбетовтің отбасына барып, құттықтауын жеткізіп, сый-сияпатын тарту етті.


«Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі» деген аудан әкімі сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерлігіне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді.
Ал, соғыс ардагері ел үшін шайқасқан майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.
Бұдан кейін Саудакент ауылында тұратын соғыс ардагері Қабыл Ібжановқа да мерекелік сыйлықтар табыс етілді. Майдангер Жеңіс күнін неміс жерінде қарулас достарымен қарсы алған сәтін есіне алды.
Аудан әкімі Жаңатас қаласындағы Кемелбек Шәменовтің де үйіне барып, құрмет көрсетті.

Өз кезегінде ардагерлер де көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлық үшін Президентке, облыс басшылығы мен жергілікті билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close