Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

COVID-19: Жамбыл облысында 176 адам тіркелді

8 мамыр сағат 19:05-тегі мәлімет бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы төрт адам тіркелді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Инфекция Байзақ ауданының 2002, 2000, 2019 және 2012 жылы туған тұрғындарынан табылды.

Науқастардың барлығы бұған дейін індет жұқтырғандармен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарда жатқан. Олардан COVID-19-ға алынған талдаулар қорытындысы оң қорытынды көрсеткен. Олар инфекциялық стационарға ауыстырылды.

Ағымдағы жылдың 8 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 176 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 84, Байзақ ауданында – 17, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында – 37, Меркі ауданында – 4, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.

Сондай-ақ, Дели – Тараз рейсі жолаушыларынан 6, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталды.

Барлық ауырғандардың 61-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close