Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында жаңа COVID-19 оқиғасы тіркелді

10 мамырда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайы анықталды. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Науқас 1999 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол бұған дейін провизорный стационарға жатқызылған. Одан коронавирусқа алынған талдау оң нәтиже көрсетіп, науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды.

Қазіргі уақытта байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.

Ағымдағы жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 179 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 87, Байзақ ауданында – 17, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында – 37, Меркі ауданында – 4, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.

Сондай-ақ, Дели – Тараз рейсі жолаушыларынан 6 оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталды.

Жалпы індет жұқтырғандардың 84-і емделіп, үй карантиніне шығарылды. Олар дәрігерлердің бақылауында болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close