Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысында карантин режимі жеңілдетіледі

Жамбыл облысында карантин режимі сақталады. Дегенмен, 11 мамырдан бастап карантиндік шараларды жеңілдетудің екінші кезеңі енгізілмек. Тиісті шешім облыстық жедел штабпен және өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қабылданды, деп хабарлайды «Ақпарақ» агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ауданы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің (барлық бағыттар) және тұрмыстық техника дүкендерінің қызметіне рұқсат етіледі. Жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін

11 мамырдан бастап тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу бойынша сервис орталықтары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары, жарнама агенттіктері, риэлтерлік және сақтандыру компаниялары жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жеке медициналық орталықтардың (алдын ала жазылым бойынша), оптика дүкендерінің, фотосалондардың, гүл дүкендері мен дүңгіршектердің қызметі қайта жанданады. Жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін

Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңілдетудің екінші кезеңде 6500-ден астам адам жұмыс істейтін 650-ге жуық бизнес нысаны қайта іске қосылады.

Жұмысты қайта қалпына келтірудің міндетті шарты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау болып табылады: санитарлық тазартқыштардың, медициналық маскалардың, қолғаптардың және т.б. болуы.

Алайда, ірі сауда және ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, кинотеатрлардың, монша кешендерінің, шаштараз бен сұлулық салондарының, компьютерлік клубтардың, фитнес-орталықтардың және адамдар көп жиналатын басқа да орындардың, сондай-ақ қоғамдық көліктің жұмысына әлі де тыйым салынады.

Облыс пен Тараз қаласының шекаралары бойынша автожолдарда, коронавирус ауруы анықталған елді мекендерде блок-посттар жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, жамбылдықтарға көшеде жеке спорттық сабақтар мен жаттығулар өткізуге, тұрғылықты жеріне жақын маңда серуендеуге рұқсат етіледі.
Карантиндік шараларды жеңілдетудің келесі кезеңі бойынша шешімді өңірдегі қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жедел штаб қабылдайтын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close