Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғамӘлеумет

Жамбыл ауданында 76 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 76 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев айтты, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

Жалпы, бүгінде аудан бойынша 778 адам тұрғын үй кезегіне тіркелген.

«Жамбыл ауданының 2020 жылдың 4 айындағы әлеуметтік-даму көрсеткіштері»тақырыбында өткен брифингте аудан басшысы, сондай-ақ, 4 айда өндірілген өнеркәсіп өнімдерінен бастап, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім, мәдениет, спорт салаларындағы жаңалықтармен бөлісіп, халықтың көкейінде жүрген жер беру, ауыз су, жол жөндеу, газдандыру жұмыстарына да тоқталып өтті. Мәселен, кезекте тұрған 10 мыңнан аса тұрғынды жер телімімен қамтамасыз ету мақсатында 7 елдімекеннің инженерлік инфрақұрылымына құжаттары әзірленіп, 3,8 миллиард теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылып отыр екен. «Егер оң шешілсе 1882 отбасына жер беруге мүмкіндік  туады», деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, спикер биыл 8 ауылда 18 ауылішілік көшежөнделетінін айтып, көгілдір отынмен қамту мәселесінде де айтарлықтай жаңалықтар бар екенін жеткізді. Мәселен, бүгінде аудан бойынша 25 ауылға газ тартылған екен. «Қазір 13 ауылға газ жүргізілуде. 5 елді мекенге ауылішілік газ тартуға 725,2 миллион теңге бөлініп отыр. Биыл қосымша 5 елді мекеннің тиісті құжаттары әзірленетін болады, оған 35,6 миллион теңге бөлінді», деді ол.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close