Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Жамбыл облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту шаралары қолға алынуда

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында «ҚазАгро» АҚ арқылы 6%-дық мөлшермен несиелендіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі.

«Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында өткен брифингте, сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған бірқатар шаралар қолданылатыны айтылды. Мәселен, бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған 5 түрлі нақты іс-шара қарастырылып отыр екен. Олар: қаржыландыру тетіктерін кеңейту; «Алқаптан сөреге дейін» қаржыландыру тетігін енгізу (Пилоттық жобалар); экспортты және импортты алмастыруды жүргізу; егіс алқаптарын кеңейту, өнімділік пен жалпы жинауды ұлғайту; ЖСҚ сараптамадан өту рәсімдерін жеңілдету.

Берік Болатұлы жоғарыда атқарылған іс-шаралардың нәтижесінен жұмыс орындарын көбейту, отандық кәсіпорындардың жүктелімін арттыру, импортты алмастыру күтілетінін жеткізді. Сондай-ақ, спикер, биылғы жылы облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында қарастырылған қаржыдан бастап, оның игерілуі мен шаруаларды қолдауға бағытталған бағдарламалар, оның ішінде субсидиялар мен кредиттер туралы да айтып өтті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close