Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам
Жамбыл облысында коронавирустың жаңа жағдайы тіркелді

13 мамырда Жамбыл облысында коронавирустың жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
⠀
Науқас 1960 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны. Ол бұған дейін ауырған адаммен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылған болатын. Алынған зертханалық талдаулар COVID-2019 ауруы бар екенін растады. Науқас инфекцияны жақын туысынан жұқтырған.
⠀
Жалпы, 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 199 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 93, Байзақ ауданында – 23, Жамбыл ауданында – 6, Қордай ауданында – 44, Меркі ауданында – 5, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.
Сондай-ақ, Дели – Тараз рейсі жолаушыларынан алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 19 оқиға анықталған.
⠀
Барлық ауырғандардың 93-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.