Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында тағы 2 адамнан коронавирус анықталды

14 мамырда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның тағы екі оқиғасы тіркелді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дерт Атырау облысының Теңіз вахталық кентінде жұмыс істейтін 1954 жылы туған Тараз қаласының тұрғынынан табылды. Ол 13 мамырда температураның жоғарылауына қатысты шағымданып, провизорлық стационарға жатқызылды. Коронавирусқа тексеру оң нәтиже берді.

​Үй ошағын эпидемиологиялық тексеру барысында жақын байланыста болған 5 тұлға анықталып, карантиндік стационарға оқшаулау, зертханалық зерттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілді, барлық эпидемияға қарсы шаралар қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес жүргізіледі.

Екінші науқас – Жуалы ауданының 1981 жылы туған тұрғыны. Ол да Теңіз вахталық кентінде жұмыс істейді. Бұрын анықталған науқастармен жақын байланыста болған адам ретінде карантиндік стационарға алынған. Тексеру кезінде оң нәтиже көрсетті.

Екі науқас та инфекциялық стационарға жеткізілді.

Ағымдағы жылдың 15 мамырындағы жағдай бойынша, Жамбыл облысының аумағында жалпы коронавирустық инфекцияның 201 жағдайы тіркелген.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close