Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда мобилдік топ мүшелері зерделеу жұмыстарын жүргізуде

Таразда мобилдік топ мүшелері дүкендер мен сервистік орталықтардағы карантиндік режимнің сақталуына зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Карантиндік режимнің жеңілдетілуіне байланысты қалалық мобилдік топ мүшелері Абай даңғылы, Қазыбек би, Әйтеке би, Қонаев, Ташкент көшелері бойындағы бірқатар дүкендер мен сервистік орталықтарды аралап, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын зерделеді.

Облыстық жедел штабтың шешіміне сәйкес 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің (барлық бағыттар) және тұрмыстық техника дүкендерінің қызметіне рұқсат етілген. Топ мүшелерімен рұқсат берілген дүкендердің абаттандыру мен әрлеу жұмыстарына, санитарлық тазартқыштардың, қызметкерлердің медициналық бетперделер мен қолғаптарының болуына баса назар аударылды. Мобилдік топ мүшелерінің зерделеу кезінде Қонаев көшесінің бойында карантиндік режимнің сақталуына қарамастан сұлулық салонының істеп тұрғаны анықталып, кәсіпкерге мобилдік топ тарапынан ескерту берілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close