Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғамӘлеумет

Таразда 200 адамға ауызашар берілді

Таразда мұқтаж отбасылар мен ауыз бекіткендер үшін ауызашар берілді. Бұл туралы «Ақпарақ» ақпарат агенттігі muftyat.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда ауызашар беруді уақытша тоқтату жайлы тапсырмасына сай отбасымен сыртқа шыға алмай қалған мұқтаж отбасылар мен ауыз бекіткендер үшін Таразда ауызашар берілді. Ауызашар сауабынан үміт еткен азаматтардың қайырымдылық шарасы орталық «Һибатула Тарази» мешіті жанынан құрылған еріктілер арқылы іске асты.

Демеушілердің қолдауымен тағы 200 адамға ауызашар дастарқаны таратылды. Кезекті ыстық тамақ, құрма, тәттілері мен суысындары бар ауызашар дастарқаны Шөлдала алқабы мен Тараз қаласындағы жатақхана тұрғындарына жеткізілді. Айта кетейік, ораза басталғалы 1050 отбасына ауызашар берілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close