Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Таразда карантин талаптарын бұзған саудагерлерге шара қолданылуда

Таразда карантин талаптарын бұзған саудагерлерге шара қолданылуда. Карантин режимін сақтамаған азаматтар арнайы жүргізілген тексерулердің барысында анықталды, деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, 24 мамырда Тараздағы бірқатар сауда орындарына рейд жүргізілді.

Оның ішінде Б.Момышұлы көшесінің бойында орналасқан «Мыңбұлақ», «Диана», «Айрылмас», «Гаухар», «Зарина» сауда орталықтарына жүргізілген тексеріс барысында карантин режимін сақтамаған бірқатар азаматтар анықталып, оларға сол жерде хаттама толтырылып, заң аясында шара қолданылды.

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен болған бұндай тексерістер алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close