Басты бетЖаңалықтарХабарландыруҚоғамӘлеумет

Тараз қаласы тұрғындарының назарына!

7 санат бойынша 15 мың теңге коммуналдық төлем төленетін Тараз қаласының 46 мың тұрғыны анықталып отыр. Бүгінгі күнге qamqor-taraz.kz сайтына және call орталығына тек 5 мың азамат өтініш қалдырған. Осыған орай, қала әкімдігінің қызметкерлері үйлерді аралау жұмыстарын жүргізуде.

15 мың теңге коммуналдық төлем жеке азаматтың өтініші негізінде тағайындалатынын ескере отырып, Тараз қаласының тұрғындарына qamqor-taraz.kz сайтына және call орталығының 94-11-63, 94-11-64, 94-11-65, 94-11-68, 94-11-69 байланыс телефондарына хабарласып, өтініш қалдыруларыңызды сұранамыз.

Тараз қаласының әкімдігі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close