Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

COVID-19: Жамбыл облысында 33 жағдай тіркелді

Жамбыл облысында 24 мамыр күні коронавирустық инфекцияның 33 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Тараз қаласында 29 оқиға анықталды, оның ішінде 4 жастан 41 жасқа дейінгі 28 тұлға бар. Олардың бәрі бұған дейін ауырғандармен байланыста болғандар.

Сондай-ақ, дерт 24 жастағы жүкті әйелден анықталды, ол 23 мамыр күні перзентханаға жатқызар алдындағы жоспарлы тексеруден өткен. Келіншек сол күні босанды. Бала мен ананың жағдайы қанағаттанарлық. Сәбиді КВИ-ға тексеру жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Т.Рыскулов ауданының 1966, 2004, 2017 және 2018 жылы туған төрт тұрғынынан да инфекция анықталды.

Ағымдағы жылдың 24 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 292 жағдайы тіркелді.

Ауырғандардың ішінен 171 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close