Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл облысында тағы 15 адамнан коронавирус анықталды

26 мамырда Жамбыл облысында тағы 15 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде 12 адам Тараз қаласынан, екеуі Жамбыл ауданынан, ал біреуі Меркі ауданынан анықталды.

Атап айтқанда, ауру бір отбасының төрт мүшесінде, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баладан анықталды. Эпидемиологиялық зерттеуге сәйкес, отбасы мүшелерінің біреуі бұған дейін ауырған науқаспен байланыста болған.

Сондай-ақ, 25 мамырда облыс орталығының 81 жастағы тұрғыны ЖРВИ белгілерімен учаскелік дәрігерге жүгінген. Оның зерттеулері коронавирустық инфекцияның бар екендігін растады.

Тағы бір жағдай скринингтік тексеру арқылы анықталды. 1980 жылы туған науқас облыс орталығында тұрады, жұмыссыз.

Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

Жалпы, ағымдағы жылдың 26 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 358 жағдайы тіркелді. Барлық дерт жұқтырғандардың 173-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close