Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпЭкономикаҚоғам

Кәсібін төрт ешкіден бастаған келіншек

Мемлекет тарапынан ауыл-аймақта тұратын көпбалалы аналарға жеке кәсіп бастауға қолдау бар. Қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие қарастырылған. Білім алып, кәсіптік сауаттылығын арттыра алады. Бұл жағдай ауылдағы ағайынды қуантып тастады. Іске талпынған әйелдер үшін мұндай мүмкіндіктер отбасының табысын еселеп, аналардың үйде отырып-ақ жұмыс жасауына жол ашты.
Қаржылай қолдаудың игілігін көргендердің бірі – жаңатастық Айсұлу Тұрсынбаева.

Ол шаруашылығын асыл тұқымды зайнен ешкілерін асыраудан бастаған. Осылайша, балаларының нәпақасын тауып отырған Айсұлу Тұрсынбаеваның шаруашылығымен біз де танысқан болатынбыз. Айсұлу Тұрсынбаева: «Желтоқсан айында бес жүз бес мың грант жеңіп алғанмын. Аса ауылынан асыл тұқымды зайнен сүтті 4 ешкі алдым. Құжаты менің атыма тіркелген, барлығы заңды. Күніне екі мезгіл сауамын. Төрт ешкіден 10 литр сүт аламын. Ешкінің сүті ем деп тұрғындар тапсырыс береді. 4 ешкім төлдеді. Алдағы уақытта көбейтсем ба деген ойым бар. Осы шаруашылықтың арқасында бала-шағамды асырап отырмын. Жастар жылында жастарымызды қолдап отырған Қазақстан Республикасының Президентіне, облыс, аудан басшыларына аналық алғысымды білдіремін», – дейді.

Алдына арман-мақсат қойған шаруа келіншек ешкінің қадірін жақсы біліп отыр. Себебі, ешкі ерекше күй талғамайды, әрі қойға қарағанда тез көбейеді. Бұған қоса, ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие. Жалпы, ешкінің сүті мен етінің қасиетін түсініп, бұл істі бір ізге қойған.
Швейцарияда туберкулез, қаназдық, рахит, буын, тері ауруына шалдыққандарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген. АҚШ секілді дамыған мемлекеттер ешкі сүтін жас нәрестелерге беру үшін арнайы дайындайды. Сондай-ақ ешкі өсіріп, одан тәуір табыс тауып отырған елдердің де қатары көп. Бұл елдердің санатына біздің еліміздің, соның ішінде фосфор мен ауылшаруашылығынан өзге кәсібі жоқтай көрінетін Сарысу өңірінде жүзеге асуы қуантарлық жағдай.
Шағын ғана ауладан кәсіптің көзін тауып, елге үлгі болып жүрген Айсұлуға тұрғындар дән риза.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close